АймақБұқар жырау

Бұқар жырау ауданындағы «90’S PARTY» ретро би кеші

Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасы Ботақара кентіндегі Мәдениет үйінің алдында аудан тұрғындарына арналган «90’S PARTY» атты ретро би кешін ұйымдастырды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кештің мақсаты 90-жылдардың ерекше атмосферасын кайта жаңғыртып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, түрлі буын өкілдерінің басын қосып, қызықты әрі мазмұнды демалыс ұйымдастыру болды.

Кеш барысында қатысушылар 90-жылдардың танымал әуендерімен би билеп, сол дәуірдің сән үлгісіндегі ерекше киімдерімен көзге түсті.

Сонымен катар қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар силомерде күш сынасып, сағыздан көпіршік үрлеуден, кассетаны қарындашпен ораудан, «Әуенді тап» музыкалық ойынында және 90-жылдарға арналған танымдық викторинада бақтарын сынады. Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Кеш соңында әділқазылар алқасының шешімімен «90- жылдардың үздік киім үлгісі» және «Кештің үздік бишісі» номинацияларының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Іс-шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы ұмытылмас естеліктерді жаңғыртты. Аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған бұл ретро кешке жиналған көпшілік белсенді қатысып, әсерлі сәттерге толы тамаша кеш өткізді.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button