АймақБас тақырыпҚарағанды

«Заң мен тәртіп»: Ә.Бөкейхан ауданында есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған профилактикалық рейд өтті

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығы» жобасы аясында Ә.Бөкейхан ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция бөлімі және колледж студенттерінің қатысуымен есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Суреттер облыстық полиция депратаментінен

Іс-шара барысында аудан көшелері мен қоғамдық орындар тексеріліп, есірткінің заңсыз айналымына қатысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффити мен жазбалар анықталды. Аталған заңсыз жарнамалар арнайы құралдардың көмегімен боялып, толықтай өшірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – есірткі қылмысының алдын алу, заңсыз есірткі саудасына қарсы күресті күшейту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар қатысушыларға есірткінің зияны мен оны таратқаны үшін көзделген заңдық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай профилактикалық акциялар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button