ТеміртауАймақ

Теміртауда бесқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 13 адам құтқарылды

Теміртау қаласының 6-шағынауданында бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында қоқыс пен кіреберістегі екі есік блогы жанды.

Сурет видеодан алынды

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері құтқару қалпақтарының көмегімен 13 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды. Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, дереу 112 нөміріне хабарлау, мүмкіндігінше қауіпті аймақтан шығу және құтқарушылардың нұсқауларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button