Қарқаралыда жаңа туристік нысандар салынуда
Қарқаралыдағы Бұғылы тауының баурайында аумағы 75 гектар болатын жаңа рекреациялық аймақ салынып жатыр. Жоба аясында қонақүйлер, глэмпингтер, мейрамханалар, этноауыл, ойын-сауық саябағы мен тау шаңғысы кешенін ашу жоспарланған. Қазір инженерлік желілер тартылып, жолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтары салынуда.

Өңірде туризм қарқынды дамып келеді.

Қарқаралы маңында бүгінде 40 демалыс аймағы жұмыс істесе, ұлттық парк аумағында балаларға арналған Qarqaraly Go этнолагері ашылмақ.

Сондай-ақ 40 бөлмелі мотельдің құрылысы жүргізілуде.

Ал 6 маусымда Қарқаралы алғаш рет өңіраралық «BaiQymyz-2026» этно-гастрофестивалін қабылдайды.

Бағдарламада үздік қымыз байқауы, ұлттық тағамдар бойынша шеберлік сабақтары, қолөнершілер көрмесі, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарлама қарастырылған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



