АймақСпорт

«Тұлпар» іріктеу кезеңіне өтпеді

Футзалдан ел чемпионатының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Ал, бұл турнирде өнер көрсететін қарағандылық «Тұлпар» футзал командасы өкінішке орай іріктеу кезеңіне өтпеді. Жерлестер соңғы кездесуде сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасын 6:2 есебімен жеңгенімен, іріктеу кезеңіне ұпай саны жеткен жоқ.

Суреттер клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қарағандылықтар сырт алаңда өткен екі ойынның тек біреуінде ғана ұпай еншілей алды. алғашқы кездесуде 4:6 есебімен жеңілгенімен, қарымта кездесуде 6:2 есебімен есе қайтарды.

Чемпионат ережесіне сәйкес алғашқы сегіз команда келесі кезеңге өтуі керек. Ал, қарағандылықтар VIII орында тұрған елордалық «Астана» футзал клубынан бар болғаны бір ұпай айырмашылығымен қалып қойды. Жерлестер турнир аясында 44 ойын өткізіп, 48 ұпай еншілеген. Ал, «Астана» 44 ұпаймен келесі кезеңнің жолдамасын еншіледі. Көш басында 119 ұпаймен «Семей» футзал командасы шықты.

Ербол ЕРБОЛАТ
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button