Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 547 909 адам болды. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 48 087 адамға көбейген.
Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты – 2 146 665 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 540 адамға азайған) және Алматыда – 2 359 052 адам (халық саны 10 949 адамға артты).
1 миллионнан астам қазақстандық мына өңірлерде тұрады:
- Астанада – 1 662 755 адам;
- Алматы облысында – 1 606 365 адам;
- Шымкентте – 1 302 868 адам;
- Жамбыл облысында – 1 214 501 адам;
- Қарағанды облысында – 1 131 200 адам.
Халқы ең аз өңірлер:
- Ұлытау облысы – 218 420 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 512 991 адам;
- Абай облысы – 594 320 адам.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалаларда 13 137 950 қазақстандық (көрсеткіш 52 840 адамға артты), ал ауылдарда – 7 409 959 қазақстандық тұрады (4 753 адамға азайды).
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА


