Бас тақырып

Мамыр мерекелерінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы мамыр мерекелері кезіндегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-дың жұмыс кестесін жариялады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар үшін жұмыс күні болып белгіленді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал мамандандырылған ХҚКО-тарда:

  • өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;
  • дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, мереке күндерінен өзге уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші бөлімшелердің нақты тізімін:

gov4c.kz сайтынан;

 ресми Instagram парақшасынан;

 1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button