Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық Дина Исламбекова – Азия чемпионы атанды

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан ересектер арасындағы бокстан Азия чемпионаты Қазақстан үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Аса ауыр салмақта (+80 кг) ел намысын қорғаған қарағандылық спортшы Дина Исламбекова турнирдің финалында сенімді жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды.

Сурет бокс федерациясынан

Финалдық кездесуде Исламбекова Үндістан өкілі Алфия Пазанмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек басталысымен-ақ қазақстандық боксшы қарсыласынан басым екенін көрсетті. Алғашқы раундта Дина дәл соққыларымен қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын артықшылыққа ие болды. Кейінгі раундтарда да ол рингтегі үстемдігін сақтап, кездесуді толық бақылауда ұстады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Дина Исламбековаға берді.

Осылайша, қарағандылық спортшы Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салып, ел абыройын асқақтатты.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы +80 келі салмақта Азия чемпионатында Қазақстан атынан топ жарған спортшылар қатарында Елдана Талипова (2024), Ләззат Күңгейбаева (2021) және Марина Вольнова (2010) бар. Дина Исламбекова осы даңқты тізімді жалғастырып, жаңа буынның жарқын өкілі екенін дәлелдеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button