Руханият

Өкпешілдік өрге бастырмас

Өмір сынақтардан тұрады. Біз үнемі қателік жіберіп, оларды шешу жолдарын іздеуге мәжбүрміз. Кейде жиналып қалған проблемаларды шешіп үлгермей, жаңаларына тап болып жатамыз. Мұндай жағдайлар жеке адамдар мен елдердің тәжірибесінде кездеседі. Сондай-ақ, әлемнің кей елдері мен азаматтары шешілмейтін проблемаларымен ғұмыр кешуде.

Белгілі себептерге немесе осы мәселелерді шешуге деген құлықсыздықтан дәрменсіздік туады. Өйткені, олар әрдайым проблеманы дұрыс бағаламай, оларды шешудің жолдарын таба алмайды. Көбінесе, адамдар мен елдер өз мәселесін шешуден үміт үзіп, реніш пен айыптаудың шырмауына түседі. Оларды осы жағдайға тап қылған – дұрыс ойламау. Негатив ойлар үнемі реніш пен айыптауға кез қылады. Ойлаудың бұл түрін инфанильді және инвективті ойлау деп қарастыруға болады. Инфанильді ойлау – мәселені жеңілдетіп, жауапкершілікті өз мойнына алуға ұмтылады. Бұл ересектерден гөрі балаларға көбірек тән.

Ал, инвективті түрі керісінше, өз проблемасын басқаға, билікке, әлеуметтік жүйеге, тарихқа, географияға жүктеуге тырысады. Яғни, барлық проблема үшін адамнан немесе жұрттан өз жауапкершілігін алып тастауға тырысу. Мұндай бейімділіктер бірлесіп, ойлаудың деструктивті түрі мен жеке тұлғаның тиісті даму түрін құрайды және олар осы логиканың әсерін неғұрлым тезірек жеңіп, ойлаудың объективті тәсілін қалыптастырса, соғұрлым мәселесін шешудің жолын таба алады.

Өкінішке қарай, инфанильді-инвективті ойлауға бейімділік біздің отандастарымыздың едәуір бөлігіне тән. Неліктен қорлау мен айыптауға жаппай бейімділік бар? Оның себептері адам әлемінде әрдайым қуаныш, өзін-өзі қанағаттандыру, сондай-ақ реніш пен ашуға орын бар. Бұл бұрын-соңды болған, бүгінде бар және болашақта болатын әмбебап адам сезімдері. Ал, кейбіреудің пікірінше, лайық бола тұра қоғам марапаттамаған адам ренішпен өмір сүреді. Даму проблемалары бар көптеген елдер де реніш құшағында. Ұзақ уақыт артта қалып, болашақта бұл межеден шығуға талпынбайтын адамдар мен елдер, әдетте, реніш һәм ашуланшақ келеді. Бұған реніш өзіне бағытталмаса, кері әсер етеді. Өйткені, өзгеге ренжу, проблемаңды өзіңнен емес, өзгеден көру. Егер, сіз қоршаған әлеуметтік шындыққа тек сыни тұрғыдан қарасаңыз, онда кез келген елде өз талантыңызды жетілдіру, жоғары мәртебе мен материалдық деңгейге жету мүмкіндігін таба аласыз. Бірақ, бұл реніш тек басқаларға емес, өзіне де бағытталған болса, жеке тұлғаның дамуын ынталандырады. Осылайша, өз кемшілігін бағалайтын және озық елдермен алшақтықты жоюға қабілетті елдер де бар. Оңтүстік-Шығыс Азияның табысты елдері осы тұжырымның айқын дәлелі.

Жеке және ұжымдық деңгейде өзіне деген сыни көзқарас адам мен қоғамды дамытады. Көп жағдайда адамдар сыртқы фактор мен жағдайларға тым асығыс ренжіп, сәтсіздікке ұшырадық деп санайды. Олардың логикасы Владимир Вишневскийдің: «бізге ауа райы, адамдар, дәуір және еліміз сәтсіз болды» деген ирониялық сөздерін еске түсіреді. Сіз жеке немесе қоғамдық ортаға, тарихи дәуірге, климатқа үнемі шағымдана аласыз, елден кете аласыз, бірақ сіз өзіңізден кете алмайсыз. Проблема әр дәуірде бола береді. Алайда, кез келген қоғамда, егер сен өз наразылығыңа емес, өз кемшіліктеріңді жоюға көңіл бөлсең, табысқа қол жеткізесің. Сондықтан, Михаил Жванецкийдің: «Күн сайын бес минут өзің жайлы жаман ойлау керек.

Бұл жарты сағаттық жүгіру сияқты емдейді» деген даналық сөзін есте ұстау керек. Өйткені, басқалар біз туралы жаман сөз айтса, ол оның өзіне тиеді. Біз өзімізді ақтау, басқаларды және қоршаған ортаны айыптау тәжірибесін таңдаймыз немесе алдымызда тұрған мәселелерді шешуге күш салу арқылы даму жолын таңдаймыз. Өмір өз проблемаларына деген көзқарастың екінші нұсқасын таңдағандарға көбірек жарқын әрі қызықты болып көрінеді…

Есет ЕСЕНҚАРАЕВ,

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Басқа материалдар

Back to top button