Жаңалықтар

Елімізде қозғалтқыш көлемі аз көліктер салықтан босатылуы мүмкін

Биыл жанармай бағасы 2 есе өсіп, көлік иелерінің шығыны артты. Осыған байланысты жүргізушілерді қолдау шарасы қажет. Ұлттық экономика министрлігі жариялаған жаңа Салық саясатының консультативтік құжатында осылай жазылған, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

– Ол әсіресе «эконом» класты көлігі бар адамдар үшін айтарлықтай сезіледі. Сәйкесінше олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын салықты сақтай отырып, қозғалтқыш көлемі аз көлік құралдарына салынатын салықты жою ұсынылады, – деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында ұсыныс жазған.

Аталған шаралар 2024 жылдың қазан айында жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button