#Biz birgemiz!Бас тақырып
Қарағанды облысында 13 мың азамат «Біргеміз» қорынан көмек алды
Төтенше жағдай кезінде қиындыққа тап болған азаматтар өз мәселесімен жалғыз қалмайды. Оларға мемлекет барынша қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы және кәсіпкерлер тарапынан да көмек беріліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мәлімдеді.
- Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында тұратын 13 мың азамат «Біргеміз» қорынан көмек алды. Сондай-ақ, қиындыққа тап болған тұрғындарға жанашыр азаматтар, кәсіпкерлер мен еріктілер де қолдау көрсетуде. Мұндай көмекті аймақта 8 мыңнан астам отбасы алды. Яғни, 26 мың адам қамтылды. Осындай бір қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілік танытып, елмен бірге болған еріктілерге, кәсіпкерлерге және барша халыққа алғыс айтамыз. Ешкім өз проблемасымен жалғыз қалмайды. Біз барлық азаматқа көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Абзал Нүкенов.