Қарағандыда нөсер жауын жауып, көшелерді су басты
Бүгін Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданында нөсер жауын салдарынан жеке тұрғын үйлердің ауласы мен (Бұқар жырау даңғылы, 110, Молокова көшесі, 10, Ә. Ермеков көшесі, 55) «Дәулет» күрес түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ғимараттары және Алтын арқа шағын аудандағы 3 қабатты тұрғын үйдің жертөлесін, Теміржол вокзалы ғимаратын су басу фактісі тіркелді (су деңгейі 10 см-ге жетеді).
Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті, «Қарағанды су» ЖШС, жергілікті атқарушы органдардың күштерімен суды сорып, қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, қатты желдің салдарынан алаңы 500 шаршы метр болатын 4 қабатты «№4 арнайы мектеп-интернатының» шатыры ұшып, салдарынан “ВАЗ-2106” және “Volkswagen Passat” көліктері зақымданған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды.
11 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болмақ.
Оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың кез келген алғышарттары мен фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына хабарласуға болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz