Бас тақырып

90 жылдыққа – 90 түп тал

Биыл «Saryarqa Aqparat» медиахолдингке қарасты «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің жарық көргеніне 90 жыл толады. Осыған байланысты медиахолдинг ұжымы Қарағанды қаласындағы Сарыарқа даңғылын абатандыруға үлесін қосып, 90 жылдыққа арнап 90 түп тал екті.

– Бүгін «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің ұжымы Сарыарқа даңғылын абатандыруға үлесін қосты. Бұл шараны біздің екі облыстық газеттің мерейтойына арнап ұйымдастырдық. Биыл «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің жарық көргеніне 90 жыл толады. 

Біз осы датаны тағылымды іс-шаралармен атап өтуді жоспарлап отырмыз. Наурыз айында медиаходинг БАҚ өкілдері арасында облыстық спартакиада өткіздік. Келесі кезекте қаламыздың көркеюіне үлес қосқанды жөн көрдік. Алдағы уақытта осындай бірнеше шара ұйымдастыру жоспарда бар.

Бүгін 90 жылдыққа арнап 90 түп ағаш ектік. Бұған екі газеттің қызметкерлері ғана емес, біздің Life09 интернет жобамыздың қызметкерлері де атсалысуда.

Соңғы уақытта Қарағандыда құрылыстар қарқынды жүріп, барынша сәулеттеніп келеді. Соған сай қаламыздың жасыл желегін де көбейтуіміз керек. Осыған үлес қосу – баршамыздың азаматтық парызымыз. Сонымен қатар біз осы арқылы өскелең ұрпаққа да үлгі көрсетеміз. 

Осы бастамаға қолдау көрсеткен Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімдігіне, бәрі жұмылып үлес қосқан медиахолдинг қызметкерлеріне алғыс айтамын, – дейді «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахмет

Басқа материалдар

Back to top button