Нұра ауданының Шахтерский ауылында саябақ қайта жаңғыртылуда
Нұра ауданының Шахтерский ауылында демеушілік қаражат есебінен көптеген жылдар бойы қараусыз қалған жастар саябағы қайта жаңғыртылуда. Сондай-ақ, үш көшенің жолына шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Шахтерское” ЖШС басшысы Георгий Прокоптың көмегімен Тың, Бейбітшілік, Жастар көшелері салыстырмалы түрде ретке келтірілді.
Жалпы алғанда 500 шаршы метр жол төсемі төселді.
– Бұл жолдар он жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген. Адамдар осыған қатысты шағым айтқан болатын. Шұңқырлар үлкен болды, алдымен тазартылып, ұсақ қиыршық тас фракциясымен толтырылды, содан кейін асфальтталды, – деді Шахтерский ауылының әкімі Гүлзат Смағұлова. – Бұл, әрине, мәселенің уақытша шешімі. Бізге толық жөндеу қажет.
Сондай-ақ, “Шахтерское” ЖШС Жастар саябағын қайта жаңартуға демеушілік етеді. Бұрын саябақта жасыл кеңістіктер аз болатын. Биыл онда 49 бұта мен 40-тан астам шырша отырғызылды. Аумақта тротуарлық жолдар жабдықталған, субұрқақ, орындықтар, шатыршалар, урналар орнатылған. Ойын алаңы да пайда болады.
Шахтерский ауылында барлығы 1010 адам тұрады. Елді мекенде 10 көше бар, олардың барлығы жарықтандырылған.