Ресми

Қарағанды университеттерінде зияткерлік клубтар құрылады

  • Қарағанды университеттерінің базасында зияткерлік клубтар және бірыңғай жас ғалымдар кеңесі құрылады. Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды медицина университеті, “Болашақ” академиясы және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері арнайы меморандумға қол қойды.

Жоғары оқу орындарының ортақ келісімге келуіне облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мұрындық болған. Жобаның мақсаты – талантты жас ғалымдарды, студенттерді біріктіру және аймақ ғылымын дамыту.

Зияткерлік клубтар пилоттық режимде үш университетте ашылады. Онда студенттер IT-технологиялар, робототехника, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-техникалық бағыт бойынша пікір алмасады. Бұл клубтарға өзге оқу орындарының студенттері де қатыса алады. 
– Бұрын мұндай клубтар жабық үйірме түрінде жұмыс істеді. Яғни ҚарМУ студенті КЭУ-дің отырыстарына қатыса алмайтын. Қазір барлық студенттер осы клубтарға барып, бірге жұмыс істей алады, – дейді балалар және жастар ҮЕҰ-мен жұмыс бөлімінің басшысы Рауан Таран.
Клубтағы отырыс екі айда бір рет өткізіледі. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма клубтарды жабдықтауға және талантты студенттердің ғылыми конференцияларға, байқаулар мен семинарларға жол жүруіне бюджет қарастыруда. 

Басқа материалдар

Back to top button