Байқау

Ербота ерледі

КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, опера және эстрада әншісі Роза БАҒЛАНОВАНЫҢ 100 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырылған облыстық «Ақмаңдайлым» вокалдық байқауында жаңаарқалық әнші Ербота ҰЗАҚБАЕВ оза шауып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Шараны мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Байқауға облыстың түпкір-түпкірінен 30-дан астам қатысушы жиналды. Екі күнге созылған байқаудың алғашқы кезеңі Роза Бағланованың репертуарындағы әннен орындау ал, екінші кезеңі еркін тақырыптағы композиция болып бөлінді.

Байқау 18-35 жас және 36-50 жас аралығында өтті. Роза Бағланованың репертуарынан «Асыл арман», «Ақмаңдайлым», «Әдемі-ау» және «Іңкәрім-ай» әндері жиі шырқалып, көңілге майдай жақты. Екінші турда біз халықтық және заманауи композицияларды тыңдадық. Менің ойымша, Сәтбаев пен қарағандылық өнерпаздар бәрінен де жақсы өнер көрсетті, – деп өз ойымен бөлісті Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисі Гүлмира Тапай.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button