АймақҚарқаралы

Мешітке жөндеу жүргізілді

Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешітіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстары аудан әкімінің өтінімімен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығы» мекемесі тапсырысымен жүзеге асырылды. «Тұран» ЖШС-і 3 млн. 300 мың теңгеге терезелерін жөндеп, сыртқы қабырғаларын сырлады.

1850 жылы Қарқаралы округіне Құнанбай Өскенбайұлы аға сұлтан болып тұрған тұста алғаш іргетасы қаланып, күні бүгінге дейін исі мұсылман қауымының тәу етер, имандылық ордасына айналған Құнанбай қажы мешіті «Қазақстанның киелі жерлерінің» тізіміне енген. 

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button