Жаңалықтар

Әуе апатынан 15 адам қаза тапты

Алматы маңындағы әуе апатында 15 адам қаза тапты. Олардың 14-і оқиға орнында көзжұмған, ал, 1 адам ауруханада қайтыс болды. Қаза болғандардың арасында  “Генералдар кеңесі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров бар.

 

Жарақат алған жолаушыларға көмек көрсетуге медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлері жұмылдырылды. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына өте ауыр жағдайдағы 5 науқас жеткізілді. Алматы қаласының және Алматы облысының (Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының) стационарлары мобилизацияланған және зардап шеккендерді қабылдауға дайын. 

Басқа материалдар

Back to top button