Бас тақырып

Базалық зейнетақы өзгеруі мүмкін

Қазақстанда базалық зейнетақы мөлшерін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА мәлімдеді. Министрдің айтуынша, барлық тиісті есептеулер мен ұсыныстар жұмыс тобына берілді.

Мұндай өзгеріс жиынтық зейнетақы мөлшерінің төмендеуі себебінен қолға алынбақ.

Біз қазір тағайындайтын жиынтық зейнетақы мөлшері алдындағы жылдармен салыстырғанда азайып келеді, себебі, еңбек өтілі аз. Осыған байланысты біз базалық зейнетақы параметрлерін өзгерту бойынша өз есептеулерімізбен ұсыныс жасадық. Екіншіден, ынтымақтасты зейнетақы параметрлерін өзгерту бойынша ұсыныстар, оны да көтеру мақсатында. Үшіншіден, қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Зейнеткерлік аннуитет мәселесі қарастырылуда, – деді Тамара Дүйсенова.

Ендігі жұмысты Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары кіретін жұмыс тобы жүргізетін болады. Одан кейін ұсыныс республикалық бюджеттік комиссия қарауына шығарылмақ.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button