Спорт

Дүбірлі доданың жаңалықтары

Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті «Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында өткізіледі» деп хабарлады. 121 күнге жоспарланған аталмыш шараға 33 спорт түрі енгізілді.

 

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары биыл жазда өтуі тиіс еді. Әлемде індеттің таралуына байланысты кейінге шегерілгені белгілі. Алайда, 2021 жылдың жазына ауыстырылса да «Токио – 2020» деген атау сол қалпы сақталып қалмақ.

Жазғы олимпиада ойындарының қатары бейсбол, софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг сынды спорт түрімен толықты. Дүбірлі додада 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың ашылу салтанатын барынша жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып, қауіпсіздік талаптарын қатаң қадағалауды тапсырды.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button