Роман Скляр Екібастұзға келді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайтынының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырысын өткізбек. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына 50-ден астам техника жұмылдырылып, 36 бригада (261 адам) жұмысқа тартылған.
3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-де жұмыс аяқталды. Сонымен қатар, 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.
Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.