Өңір экономикасының өрісі кең

«Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы өңірдің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Бағдарлама аясында қалааралық жолдар жөнделіп, газ қазандықтары салынды. Жылу құбырлары жаңартылып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің, тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Әлі де бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Коллаж жасаған Марал ӘЙНЕКОВА

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Аталмыш жобаның «Жайлы тұрғын үй» бағдарламасы шеңберінде былтыр 582,0 мың шаршы метр тұрғын үй (аумақтық бөліністі есептемегенде) пайдалануға берілген. Оның 63%-ы – салаға тартылған жеке инвестициялар есебінен салынған коммерциялық үйлер. 23%-ы – жеке тұрғын үй құрылысы болса, 14%-ы – мемлекеттік баспаналар. Жыл соңына дейін былтырғы көрсеткіштен 3,1% өсіммен, яғни, 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Биылдың өзінде 355 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда – 5,2%-ға жоғары.

Одан бөлек өңірде осы жоба аясында былтыр 2 мектептің құрылысы басталса, биыл да 2 білім ордасының қабырғасы қалануда. Және 200 орынды 1 аурухана, 6 ауылдық амбулаториялық пункт бой көтереді. Ал, ауыз су мәселесіне келер болсақ, биыл 27 жобаны іске асыру көзделген. Сондай-ақ, су құбыры мен кәріз желілерін жаңарту да жоспарда бар.

– Бөлінген қаражатқа 193,4 шақырым құбыр мен кәріз желілерін тартуымыз керек. Оның 85,5 шақырымы – қала, 107,7 шақырымы – ауылдық жерлердің үлесіне тиесілі. Егер осы шаруа жоспар бойынша атқарылса, халықтың ауыз суға қолжетімділігі 95,5%-ға артады. Ал, 2025 жылға қарай ауыз сумен халықты 100% қамтамасыз ету жоспарланған, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы Саян Мұратұлы.

Жылумен жабдықтау саласындағы өзгерістер де ауыз толтырып айтарлықтай. Биыл өңірде 8 жоба іске қосылды. 10 шақырымнан астам жылу желілері толық жөндеуден өтті. Саран қаласына орталықтандырылған қазандық салынбақ. Жүргізіліп жатқан сапалы қызметтің нәтижесін 82 мыңға Уақыт талабына сай тарихи-демократиялық дамудың жаңа сапары басталды. Осынау саяси жаңғырудың мән-мақсатын, идеялық ұстанымын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі, тағдыршешті жолы ақыл мен пайымға, саяси сауаттылық пен сарабдал ойға, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенеді. Осындай аса маңызды сәттерде халық ел басқаратын азаматтарға иек артып, береке-бірлікті ту етіп, ынтымақтың ырысқа бастайтынын терең түсінген. Осы тұрғыдан келгенде, алжуық тұрғын көріп отыр.

Былтырғы жылдың қазанында Теміртау мен Қарағандыда газ тарту желілерінің құрылысы толық біткен-ді. Нәтижесінде, Теміртаудағы 2 133 жеке тұрғын үй көгілдір отынға қосылып, 326 көппәтерлі үйге газ кірді. Бүгінде желілерге «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жетекшілік етіп отыр. Қарағанды көшелерінің біраз бөлігіне де көгілдір отын жетті. Бұл жоспар толығымен орындалды деген сөз емес. Әлі де екі қаладағы 3 872 жеке тұрғын үйге жыл соңына дейін көгілдір отын кіреді.

– Саран қаласында газ құбырын салу жұмыстары жалғасуда. Халықты толық көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында Осакаров ауданының орталығы Осакаровка кенті, Шахтинск қаласына газ тарату желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаты дайын. Қаржыландырудың қолдауымен желілердің құрылысы 2023 жылы басталады. Бұқар жырау, Шет аудандарын газдандыруға қосымша жобалау-сметалық құжат әзірленуде, – деді Саян Мұратұлы.

1200 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл облыс аумағында 1200 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделеді. Оның ішінде, 661 шақырымның республикалық маңызы бар жол болса, 345 шақырымы – облыстық маңызға ие жолдар. Ал, қалалар мен аудандарда – 183 шақырым жол жөнделеді. Жөндеу жұмыстары үшін 3 мың бірлік мамандандырылған техника мен 59 асфальт зауыты жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар автожолдарда жалпы ұзындығы 356 шақырымдық 23 автожол жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, ұзындығы 103 шақырым 6 жол учаскесі және 1 көпір реконструкциялау жұмыстары жүргізілетін болады.

– Биыл аталмыш бағдарлама аясында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. «Новодолинка-Шахан-Молодецкое» автожолының 17 шақырымын қайта жаңартуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. «Осакаров-Молодежное» бағыты бойынша, Молодежное кентінің ұзындығы 12 шақырым автожол учаскесін реконструкциялау аяқталды. Биыл ұзындығы 16 шақырым болатын екінші жобаны аяқтаймыз. Келер жылы жөндеу жұмыстары толық аяқталады, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ержан Кокушев.

«Үштөбе-Құрылыс» автожолында Үштөбе ауылынан шығатын республикалық айналма жолдан «Сарыарқа» әуежайына апаратын автожолға дейінгі 9 шақырым қайта жаңартылады. Сондай-ақ, «Қарабас -Жартас-Долинка» бағытындағы жолдың 21 шақырымы, «Нұра-Шахтер-Пржевальское» автожолының 20 шақырымы, Нұра мен Осакаровка кентінің арасындағы күре жолдың 20 шақырымы қайта жөндеуден өтеді.

Әлеуметтік-мәдени, денсаулық сақтау, спорттық және білім беруді дамыту бойынша 22 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде білім беру саласында білім беру объектілерін күрделі жөндеу қарастырылған. Денсаулық сақтау бойынша, фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, спорт және мәдениет саласы бойынша стадион мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, ауылдық клубтар қайта бой көтеріп, мәдениет нысандары күрделі жөндеуден өтеді. Отбасы банкімен бірлесіп кеншілер мен металлургтер, барлық қызмет салаларының жас мамандары үшін жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін берудің жаңа өңірлік бағдарламалары енгізілді. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша облыста 58,5 мың адамнан тұратын 21 ауылдық елді мекенде 42 жоба іске асырылуда. Кентішілік жолдардың 20 учаскесінің көлік инфрақұрылымы жақсарады.

Ербол ЕРБОЛАТ

Ortalyq.kz