Руханият

Алматы Сәкен театрын ықыласпен қабылдады

Сәрсенбінің­ сәтінде­ «Арқаның­ ақсарайы» атанған­ Сәкен­ Сейфуллин­ атындағы­ облыстық­ академиялық­ қазақ­ драма­ театрының­ ару­ шаһар­ Алматыдағы­ гастролі­ басталды.­ Арқаның­ абыз театрын­ алматылықтар­ ыстық­ ықыласпен қабылдады.­ Гастроль­ күнделігі­ «Қазақстан» Ұлттық арнасының­ «Таңшолпан»­ бағдарламасы мен­ Almaty­ телеарнасы жаңалықтарында қамтылып, ақпараттық­ қолдау көрсетілді.­

Суреттер театрдың баспасөз қызметінен

«Ұлтқа қызмет» тарихи-деректі драмасы алғашқы күні Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының киелі сахнасында екі қайтара қойылып, екеуінде де зал толы көрермен қошеметке бөледі. Алаш арыстарының ауыр тағдыры, ұлттың азаттығы жолындағы қайраткерлік еңбектерін арқау еткен Қ.Жүнісовтің пьесасын театрдың көркемдік жетекшісі Айдын Салбан сахналаған. Қойылымда ел мен жердің тұтастығы үшін шыбын жандарын шүберекке түйген арыстардың қиындыққа толы тағдыры көрініс тапқан.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевтың қарағандылық театр ұжымына Алғыс хаты мен ықылас гүлі тапсырылды.

Гастрольдің келесі күнінде Б.Әбдіразақовтың «Айналайын» драмасы Айдын Салбанов режиссерлігімен ұсынылса, Кеңес Жұмабековтің «Рахымжанның Қасымы» поэтикалық драмасын да алматылық көрермен жылы қабылдады.

Ал, бүгін Шерхан Мұртазаның шығармасы желісімен сахналанатын Айдын Абзалбекұлыны «Текебұрқақ» пластикалық-философиялық морфозасы мен «Қуыршақтар оянғанда» ертегісі жұрт назарына ұсынылмақ. «Текебұрқақ» қойылымында адамзаттық деңгейдегі тектілік мәселесі қозғалса, «Қуыршақтар оянғанда» ертегісі жасөспірімдерге телефонның зиянын ұқтыруға бағытталған.

Жалпы, Сәкен театрының репертуарында осал қойылым жоқ. Аға буынның сақа актерлері бастаған жастардың да қарқыны қатты. Сондықтан, оңтүстік астаналықтар ұмытпай айта жүретін гастроль болары сөзсіз.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button