АймақЖаңалықтарТеміртау

6 келіге жуық тазартылмаған апиын тәркіленді

Теміртаулық полицейлер сауда орындарының бірінен 6 келіге жуық тазартылмаған апиын тәркіледі,  деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінде тазартылмаған апиын болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Аталған ақпарат бойынша жұмыс істеу барысында тәртіп сақшыларымен сауда дүкендерінің бірінен жалпы салмағы 25 келі 5 қап тағамдық көкнәр тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тағамдық көкнәрде 5 келі 800 грамм тазартылмаған апиын қоспасы болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button