Жаңалықтар

Алтын күз думаны

Өткен аптада Топар кентіндегі «Айналайын» бөбекжайында дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі өтті. «Ақбота» аралас тобы жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарға арнап, әндері мен тақпақ, билерін арнады. Сонымен қатар, жолдарына азық жинап беріп, сәт сапар тіледі.

Тәрбиеші Меруерт Зеитова жел болып ұшып келіп, балалармен қызықты ойындар ойнаса, Аида Берлібаева қоян рөлін сомдап, мерекенің сәнін келтірді. «Балдәурен» атты бірінші кіші топтың тәрбиешісі Гүлдана Сейфулғазина жүргізушісі ретінде өзін тамаша сомдап, 2 жастан енді асқан кішкентай бөбектері де қалыс қалмады. Күз ханшайымы болып келген Дамира Абілдина кішкентай бүлдіршіндерімізге жапырақтар биін арнап, көңілсіз қоянның қысқы азығын жинап беру мақсатында ойындар ойнатылды. «Күншуақ» ортаңғы топ балалары тәрбиешілері Д.Абдулина, Н.Скоркина мен «Ақтолқын» ересек тобы тәрбиешілері Н.Стрельникова, С.Тәнкебаева топ балаларымен Күз ханшайымын ән-жырларымен қарсы алды. Күз ханшайымы жалғыз келмей, өзімен бірге Қыркүйек, Қазан, Қараша атты үш қызын ертіп келіп, балалармен ойындар ойнап, мерекелік көңіл күй сыйлай білді. «Ертегі» екінші кіші тобы тәрбиешілері Мария Ивашов, Шон Анна балаларымен Күз ханшайымына қонаққа барды. Күз ханшайымын күтіп шаршаған балаларға аю мен қоян кездесіп, балалармен қызықты ойындар ойнап, көңілдерін көтерді. Соңында Күз ханшайымы келіп, жапырақтар биін билеп, әндерін айтты.

Іс-шара ата-аналардың тікелей қатысуымен өткізілді. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлімтәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Ата-аналар мерекенің сәнін кіргізу мақсатында «Берекелі Алтын күз» атты табиғи материалдардан көрме ұйымдастырып, балалардың үстіне мерекеге сай киім үлгілерін дайындауға белсенділік танытты.

А.АҚЖАРОВА,

Топар кентіндегі «Айналайын» бөбекжайының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button