АбайАймақ

Самарка саспайды

Абай ауданының Самарка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекет командалары өрт сөндіруге ғана емес, бекітілген аумақта орын алған кез келген төтенше жағдайды жоюға қатысады.

Өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев пен Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов қатысты.

– Жаңа бекеттің жұмысы Самарка ауылында ғана емес, ауданның жақын орналасқан елді мекендерінде тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ибрагим Күлшімбаев.

Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бекет АЦ-40 өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған. Қазірдің өзінде әскери кезекшілікке үш адамнан тұратын жеке құрам кірісті.

Облыстың көптеген кенттері мен ауылдары аудан орталықтарынан едәуір қашықтықта орналасқан. Бұл құтқарушылардың келу уақытына айтарлықтай әсер етеді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің жұмысы жақын маңдағы елді мекендердегі төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Өз тілшімізден.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button