Жеңіспен оралған өрендер

«Зерде» XVII республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық байқауында облыстан қатысқан 18 жас өрен жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі оралды.
62 команда, 423 оқушы, 361 жұптық, 299 жеке оқушылардың арасында білім жарыстырған оқушылар 2 алтын, 5 күміс, 3 қола, 3 мадақтамамен облыстың медальдік қоржынын толықтырды.
Тарих секциясы бойынша Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Фариза Рахманқұлова, №101 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы
Мерей Жұмаділдина І дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі диплом физика секциясы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы гимназияның 4-сынып оқушысы Аслан Амалатов, психология секциясы бойынша Бірінші Теміртау классикалық лицейінің 5-сынып оқушысы Максим Кохан, валеология секциясы бойынша Шәкәрім атындағы гимназияның 7-сынып оқушысы Назар Мусаперов, робототехника секциясы бойынша №34 ЖББ мектептің 4-сынып оқушылары Төрехан Баратов пен Айша Мерғалиға табысталды.
Ал, экология секциясы бойынша №5 қосымша білім беру мектеп орталығының 6-сынып оқушысы Нұржан Дәулетбаев, математика секциясы бойынша Қаныш Сәтпаев атындағы гимназияның 6-сынып оқушысы Алиса Любухин, биология секциясына қатысқан Жезқазған қаласы №8 гимназияның 7-сынып оқушысы Алуа Асылбекқызы ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Ал, жеңіс тұғырына сәл жетпей, жұмыстары жоғары бағаланған оқушыларға арнайы марапат табысталды. Олардың қатарында Теміртау қаласы №8 ЖББ мектебінің 4-сынып оқушысы Сержан Аблакимов, Жаңаарқа ауданы, Б.Амалбеков атындағы тірек мектебінің 5-сынып оқушысы Қайролла Әлинұр, Жезқазған қаласы №26 гимназияның 7-сынып оқушысы Валерия Лебедь бар.
Жеңімпаз атанған оқушылар мен барша мектеп ұжымын құттықтаймыз!
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.