Бәрекелді!

Оқушылар Женевада рекорд орнатты

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем чемпионатында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

Қазақстанның намысын қорғаған оқушылар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

«15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы ұлттық құрама атынан ел намысын қорғады. Олар FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары. Олар 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ, роботты жасаудағы тамаша инженерлік қабілеттері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды. Оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймын», – деп жазды министр.

FIRST ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқушылар мен мұғалімдерге қатысуға ұсынған олимпиадалар тізіміне кіреді.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button