Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қытайға қой етін экспорттай бастады

Қарағанды облысынан Қытай Халық Республикасына 20 тонна мұздатылған қой етінің бірінші топтамасы жіберілді. Келісім бойынша, келешекте ет жіберу жалғасатын болады.  Экспорт «Арай kz» ет өңдеу компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорын неміс теxнологиясы бойынша жабдықталған және еуростандарттарға сай келетін мал сою құрылғылары болғандықтан таңдалған.


1200 бас малды Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарының шаруа қожалықтары ұсынды.
– Қарағандылық мал өсірушілер үшін Қытай нарығы ашылып отыр. Облысымыз осы елге мұздатылған қой етін экспорттауды бастады. Сату нарығын кеңейту аймағымыздағы қой өсіру саласын дамытуға түрткі болады, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. – Сіздер білесіздер, Елбасымен алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге дейін ұлғайту міндеті қойылды. Ел Президентінің ағымдағы жылы маусымда Қытайға сапары барысында осы елге қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру бойынша келіссөз жүргізілген болатын. 
Оның айтуынша, болашақта қой етін жеткізу жұмыстарына аймағымыздың 200 жуық шаруа қожалықтары жұмылдырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік мәселелерді шешуге көмектескен, оның ішінде ветеринария саласында да. 
Қытайға етті теміржол арқылы жеткізеді. 
– Талаптар өте қатаң болды. Бір жыл бұрын біздің технологиямызды тексеру үшін комиссия келді. Қарашаның соңына дейін біз Қытайға 300 тонна қой етін және дәл сондай көлемде желтоқсан айында да жіберуіміз керек, – деп мәлімдеді «Арай kz» ЖШС құрылтайшысы Жанболат Жақауов.
Қытайлық компанияның өкілі қазақстандық үкіметке жасыл дәліз ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. 
– Ең бастысы – екі ел басшылығының келісімі дар. Ал бизнесмендер жеткізу мәселесін шешуде. Инфекциялық талаптар шеңберінде Қытай және Қазақстанның ауыл шаруашылық министрліктерімен ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда барлық мәселелер шешілді, жәнеде біз әріптестігімізді бастадық, – дейді Синьцзян импорттық-экспорттық компаниясының өкілі Ён Джипин.

Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button