Өтемақы алуға болады

Мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу қарастырылған. Қарағандыда 2020-2021 оқу жылына өтініштерді қабылдау қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Өтініштерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе www. egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы;

3. Үлгі бойынша мүгедектік туралы анықтама;

4. Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

5. Мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үйде оқитын әрбір мүгедек балаға төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Мүгедек балаларға (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу отбасының табысына қарамастан, ата-аналардың біреуіне немесе өзге де заңды өкілдерге беріледі.

Толық ақпаратты «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен алуға болады, Мекен-жайы: Поспелов көшесі, №16 үй, №1 каб. Сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) жұмыс істейді.

Анықтама телефондары: 30-02-33, 30-01-69.

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.