Руханият

Әл-Фараби және Абай: рухани сабақтастық

Биыл Әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдық мерейтойлары аталып өтуде. Осы орайда Қазақ даласының екі ұлы перзентінің өмірі мен шығармашылығы арасындағы сабақтастықтың ауқымын кеңейту – маңызды міндет.

Мерейтой аясында Қазақстанда маңызды жобалар жүзеге асырылуда, әл-Фараби энциклопедиясы шығарылады, ұлы ойшыл және қазақтың бас ақыны жөнінде деректі және көркем фильмдер түсірілуде. Бұл біздің жас ұрпақ білуге және зерделеуге тиіс баға жетпес мұра.

Әл-Фарабидің философиясы қоғамның өркениетті дамуын негіздеуге бағытталғандықтан оның дана ойлары ғасырдан ғасырға ескірмей жетеді. Әлі күнге елдің қызығушылығы басылмай, зерттеу жұмысы жалғасып келеді. Әл-Фараби мен Абайдың руханият пен ақыл сияқты адами құндылықтарға деген көзқарастары үнемі жаңа, терең ойларға негіз болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасыр» атты мақаласында ұлы ақын мен екінші ұстаздың халқымыздың рухани даму жолында қажет мұрасына ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Біздің ата-бабаларымыз мемлекетті қалыптастыру, нығайту кезінде тарихи санаға ерекше көңіл бөлгенін түсіну маңызды. Олар оны халық үшін ортақ үй ретінде насихаттады және ел мүддесіне тынымсыз қызмет етті. Әл-Фараби мен Абай – өз заманының жарқын мәдени өкілдері. Қазақстан Президенті ата-бабаларымыздың бай мұрасына сүйене отырып, мемлекетімізді өсіпөркендетуге талпыну қажеттігін айтты. Сондықтан, әл-Фарабидің еңбектері мен Абай шығармашылығын қарастыратын фарабитану мен абайтану ғылымы орта және жоғары білім жүйесіне енгізіліп, адам, бақыт, «Ізгілікті қала», жер бетіндегі бейбітшілік, әділеттілік пен адалдық сынды рухани сабақтастық аспектісінде қарастыру қажет.

– Фарабидің пайымдауынша, кемелдік жолы – өмір сүру процесі. Ол бақытты – сапалы білім алу, Мәңгілік моральдық құндылық ретінде түсінді. Бақыт – руханилықты же тілдіруге берілген Жаратқанның сыйлығы. Бақытқа жету – ізгі, жарқын істерді орындау арқылы адамның өзі атқарған жұмысы. Абай философиясы адамгершілік-гуманистік идеяларға, ізгілікке, құрметке, достыққа, махаббатқа толы. Ол өз шығармаларында адам деген не сұрағына жауап бере отырып: «адамның мәні – махаббат, әділеттілік және шынайылық. Адамдар бұл бастамаларсыз ештеңеге жете алмайды. Адам адамға осы сезімдер арқылы дос бола білуі қажет, – деп атап өткен екен Ш.Рысбекова.

Бұл екі ойшылдың ең үлкен артықшылығы – олар өз шығармаларында гуманизм, ағарту және адамгершілік идеяларына негізделген әр мемлекеттің, қоғамның дамуына, жалпыадамзаттық маңызы бар идеяларға қатысты терең тұжырым жасады.

– Әл-Фараби мен Абай әлемнің түрлі елдерінде ғылыми ойдың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшылдар. Олардың идеялары мен шығармаларын ел дамуына пайдасын жұртқа жеткізіп, жаңа жоспарын қайта құрып, нәтижесін көбейту қажет. Бұл – Қазақстан халқын өзіндік ойлау жүйесіне әсер етіп, дамуға жетелейтін маңызды қадамдарының бірі, – деп есептейді профессор.

Сондықтан да, біз жас ұрпақ ата-бабаларымыздың рухани мұрасын өз заманымызбен өзара байланысы мен сабақтастығын зерделеп және Шығыстың ұлы ағартушыларының идеялары мен еңбектерінің маңыздылығын арттыру үшін мақсатты жұмыс істеуіміз керек.

Г.МАРЗАЛИНОВА,

Абай аудандық сотының судьясы.

Басқа материалдар

Back to top button