Бейжің - 2022

Бақ шаба ма, бап шаба ма?

Бейжің Олимпиадасының фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңі аяқталды. 12 спортшы бақ сынайтын ақтық сынға қазақстандық Ақбота ҚАЛМҰРЗАЕВА да өтті.Әйелдер арасындағы бәсекенің іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева 98,68 ұпай жинап, келесі айналымға жолдама алды. Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының өзге де спортшылары Аяна Жолдас 21-ші болса, Жанбота Алдабергенова 27-ші орыннан көрінді. Бұл сайыста команда үздігі Жанбота жарыс жолының іріктеу сынында 80,56 ұпай жинаса да, келесі айналымда ұпай саны 68,26-ны ғана көрсетіп, келесі кезеңге өте алмады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button