Балқаш

Балқаш жылу орталығында жаңа қазандық

Шаһарымыздағы жылу электр орталығының қуаты артып, мүмкіндігі молаяды. Бұл туралы «Kazakhmys Energy» ЖШС БЖЭО операциялық директоры Андрей Гурин мәлімдеді.

 

Қарағанды облысындағы ескі жылу электр орталықтарының бірі 1937 жылы іске қосылған – Балқаш ЖЭО екендігі белгілі. Балқаш қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ЖЭО-ның жұмысын тексеріп, үйлерге жылуды үздіксіз беріп, жұмыс сапасын арттыруды және орталыққа жаңа нысандар қосу туралы тапсырма берген болатын. Жақында қалалық мәслихат депутаттары осы тапсырманы орындау барысындағы жұмысты тексеріп, орталықтың биылғы жылу маусымына дайындығын пысықтап қайтты.

– Өздеріңіз білесіздер жылу электр орталығы – облыстағы ең ескі нысан. Оны кеңейту ісі өткен жылы жұмыс басталды. Экономикалық және экологиялық талаптың барлығына сай келетін жаңа, бесінші қазандық орнатылып жатыр. «ЖЭО-на Таганрог қазандық жасау зауытының қазандық агрегаты қойылуда. Бұл тұтынушыларды қосымша жылумен қамтуға, сондай-ақ, станция жұмысына сенім артуға мүмкіндік береді. Қазір отын қоры 177 мың тонна көмір мен 165 тонна мазутты құрайды. Жыл аяғына дейін тағы да отын сатып алынбақ. Сонымен бірге, күзгі-қысқы кезеңге даярлау үшін орталықта, тиісті бағдарламалық іс-шаралар жүзеге асырылды, – деді «Kazakhmys Energy» ЖШС БЖЭО операциялық директоры Андрей Гурин.

Балқаш қалалық мәслихат хатшысы Ахат Мүслімов және мәслихат депутаттары Айбек Рымқұлұлы, Андрей Сокульский, Александр Грищенко бастаған комиссия құрамы жөндеу жұмысын бақылап отырғандығын атап өтті.

– Жылу беру маусымы басталғаннан бері барлық жылытқыш қазандықтары бақылауымызда. Бірлесе атқарылған жұмыстардың барлығы қала тұрғындарына жағдай жасауға бағытталған. Оның ең маңыздысы шекті тарифтердің өзгеріске ұшырамауын және негізсіз өсуге жол бермеуді көздейді, – дейді халық қалаулылары.

Мамандардың айтуынша, жылыту маусымында Балқаштағы жылу беру жүйесі жұмысының режимдік картасына талдау жүргізілген. Талдау қорытындысы сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін бесінші қазандық орнатып, пайдалануға беру қажет екенін көрсеткен. Қазір қазандықтың орнату жұмысының 85 пайызы аяқталған. Одан соң депутаттар Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп пен №2 М.Русаков атындағы мектеп-интернатын аралады. Соңғы жылдары орталықта көп жұмыс атқарылды және мұның барлығы білім ошақтарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуді жақсарта түскен.

Нұрдос КӘРІМ

БАЛҚАШ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button