Балқаш

Медицина саласын дамыту – басты назарда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ биылғы Жолдауында елімізді нақты стратегиялық дамуға бастайтын барлық саласы түгелдей қамтылды.

Атап айтқанда, экономикалық дамуды қайта қалпына келтіру, ауылшаруашылығы, білім және денсаулық саласындағы негізгі мәселелерді көтерді. Жолдауда қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асырылу керектігін тілге тиек етті.

Президентіміз халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын жақсарту жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін нақтылап айтты. Медицина мамандарын даярлау мен оқыту сынды маңызды бағыттарға тоқталды. Оның ішінде медициналық оқу орындарына бөлінетін гранттардың санын арттыруды атап өтті. Президенттің бұл тапсырмаларын орындау мақсатында халыққа сапалы әрі тиімді медициналық көмек көрсету үшін атқарылар жұмыстар аз емес. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңіліне шығуда. Жыл сайын маңызды бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл Жолдау барша қазақстандықтарға ерекше екпін береріне сеніміміз зор.

Серік ПІШЕНБАЕВ,

Балқаш медициналық колледждің директоры, қалалық мәслихат депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button