Байқау

Әділ байқау – оң бәсеке

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Балалар жылы һәм «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Мен оқығанды ұнатамын» байқауын екінші рет, М.ӘУЕЗОВТЫҢ 125 жылдығына орай 12 мамырда «Қорғансыздың күні» әңгімесі мен «Қараш-қараш оқиғасы»  повесіне талдау жасап, эссе жазу байқауын, 23 қыркүйекте жазушы шығармашылығына арналған «Шоқтығы биік жазушы» ғылыми-тәжірибелік конференциясын және 8 маусым күні айтыскер ақын Аманжол ӘЛТАЕВТЫҢ шығармашылығына арналған «Тұлпар мінезді қазақтың баласымын» қалалық байқауын өткізуді жоспарлап отыр.

Демеушілері – ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Бекзат Алтынбеков пен қоғам қайраткері, «Нәтиже» компаниясы мен «220 VOLT» фирмасының бас директоры Ерлан Әшім.

Кітап – адам жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырданғасырға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым сөз өнерінің туындысы. Ендеше, қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру.

Жалпы, бұл бағытта қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ның М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында байқаулар өткізу дәстүрге айналды. Осыған дейін Қасым Аманжолов, Бағдат Мүбәрак, Серік Сағынтай, Руза Алдашева, Айнұр Жапбарқұлова сынды аймақ қаламгерлерінің туындылары насихатталған еді. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «Балалар әдебиеті жылы» аясында «Мен кітап оқуды ұнатамын!» қалалық байқауы өткізілген-тін.

«Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», демекші, бар білімді кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Қала тұрғындарын, кітапхана оқырмандарын аталған байқауларға қатысып, бақ сынап көруге шақырамыз. Әділ байқаудың қатысушы үшін оң бағыттағы бәсеке болары анық.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button