Ресми

Президент өкілеттілігі – 7 жыл: ереже өзгертілмейді

Парламент Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы Заңды қабылдады. Жаңа Заң бойынша Президенттің өкілеттілік мерзімі 7 жылды құрайды және бір рет сайланады. Бұл ереже қабылданса, болашақта оны өзгертуге болмайды. Себебі, Конституциядағы 94-баптың 1-қосымшасында жазылған нормалар еш өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат МУСИН мәлімдеді.

Президент өкілеттілігі - 7 жыл: ереже өзгертілмейді

“Ол жерде мемлекеттің аумақтық бүтіндігі, Қазақстанның егемендігі, басқару түрі туралы ережелер бар. Оған Президенттің өкілеттілік мерзімі туралы түзетулер ғана енгізіледі. Норманы өзгертуге болды. Норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалап, оған енгізілетін кез келген өзгерістің Конституцияға сәйкестігі туралы қорытынды ұсынады. Ол Конституциялық соттың құрамына қарамастан жасалады, – деді ведомство басшысы.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button