Жаңалықтар

“Қарағанды аруы” жазадан сытылып кетті

Полиция қызметкерлерін балағаттаған 2015 жылғы “Қарағанды аруы” байқауының жеңімпазына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Сұлудың айтқанын зерттеген сарапшылар полицейлерге дөрекі сөйлеген қыздың арам ойы болмаған деп, айды аспаннан бір-ақ шығарған.  

Осылайша полиция қызметкерлерін қызтекеге теңеген сұлу сүттен ақ, судан таза болып шыға келді. Сараптама жасағандар ол эмоцияға беріліп кеткен деген қорытынды шығарыпты, деп хабарлады КТК. 

Естеріңізге салсақ, сұлу қыз жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салған полицейлерге қатты ренжіген. Сондықтан әлеуметтік желіде еркелігін көтермеген тәртіп сақшыларын қызтекелер деп жазған. Іле шала қылмыстық іс те қозғалды. Дегенмен, сөздің мағынасын мың құбылтуға шебер филолог лингвистер аузына абай болмаған аруды ақтап алды. 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button