Жаңа дәуірдің жаршысы
Қазір қоғам күрт өзгерді. Саяси көзқарас – сауатты әрі сергек. Заңдарымыз халық мүддесіне қарай ыңғайланды. Бұл сайлау да – біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің өзгеру кезеңдерінің бірі. Осы құбылыстардың барлығы әлеуметтік желілердегі адамдардың мінез-құлқында, саяси және қоғам қайраткерлерінің белсенді позициясымен көрініс беруде. 30 жыл ішінде жинақталған сандаған мәселелер қазір ашық талқылануда. Енді оларды жедел шешу қажет.
Әлем дидары көңілсіз хәлде. Айналамыздағы геосаяси ахуал біздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайымызға әсер етуде. Өйткені, бірқатар көрші мемлекеттердегі қақтығыстар, санкциялық әрекеттер, коммуникациялар мен логистиканың үзілуі халықаралық экономикалық байланыстарды күрт тежейді.
Бүгінгі адамдар биліктен де, оппозициядан да «алақайлап» келген бастаманы бірден құптамайды. Осындай күрделі кезеңде біз алдымен өзіміз үшін тағдыршешті шешім қабылдағанымыз абзал. Уақыт жоқ. Әрқайсымыз сайлауға қатысуымыз қажет. Өйткені сіздің даусыңыз еліміздің ертеңіне әсер етеді және бұл сайлау жаңа дәуірдің жаршысы болатыны анық.
Зара ШАЛАБАЕВА,
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты