Президент сайлауы - 2022

Сайлауға әзірлік ойдағыдай

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы №143, №144 сайлау учаскелерінде кезектен тыс президент сайлауына қызу дайындық жүргізілуде.

Президент сайлауы - 2022

53 мектеп-лицейінде орналасқан учаскелерге жалпы саны 4500 дауыс беру құқығы бар азамат тіркелген. Олардың бәріне үй-үйді аралап, сайлауға шақыру қағазы таратылды. Қос учаске дауыс беру кабиналарымен, жәшіктерімен жасақталған, барлығы 22 адам жұмыс жасауда. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандардан үйден дауыс беруге өтініш қабылдануда. Сайлаушылар учаскеге күн сайын келіп президенттікке үміткерлердің өмірбаяны мен сайлау алды бағдарламасымен танысуда. Осындағы республикалық, облыстық газеттерден сайлауға әзірлік барысы туралы оқып жан-жақты ақпарат алуда.

Сайлау учаскесінің хатшысы Айдан Шалғынбаева: – Учаскелер сайлауға сақадай сай. Мектептегі сайлау комиссиясында кезекшілік атқаратын қызметкерлер телефонмен хабарласқан сайлаушылардың алдағы науқан туралы сұрақтарына күнделікті жауап беруде. Ендігі міндетіміз – алдағы 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауын өз дәрежесінде ұйымдастырып өткізу, – дейді.

Дархан УӘЛИЕВ

ҚАРАҒАНДЫ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button