Президент сайлауы - 2022Ресми

Сеніміміз ақталды

Бұлай дейтін себебім, 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауында жалғыз менің ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың сенімі ақталды. Сайлау қорытындысында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алты адамның арасынан қара үзіп, 81,31% дауыс жинап, алдағы жеті жылға қайыра Президент болып сайланды.

Мен осы науқан басталғаннан оның Абай ауданындағы сенімді өкілдерінің бірі болған едім. Сондықтан, өзіміз сенген үміткерімізді қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысып, сайлау күні белгіленген аумақтағы барлық сайлау учаскелерінде болып, сайлау демократиялық жолмен ашық, әділ өтті деп айта аламын. Өйткені, Тоқаевтың кейінгі үш жылда елімізде жүзеге асырып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалары халықтың сенімін еселей түсіп, ертеңге деген үмітін оятты. Жаңа Қазақстанды құру жолында ел сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Кемелұлының осы бағытынан таймай, елімізді өркениет көшіне бастай беретініне сенімім мол.

Есенғали ТӨКЕБАЕВ,

аудандық жүзу бассейнінің директоры.

Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button