Бас тақырыпҚарағанды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Словакияда өткен халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Қарағандылық теннисші Алан Құрманғалиев Словакияда үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Senec халықаралық турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Словакияда өткен халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Алан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сәтті өнер көрсетті. Ол Джамдиэль Торрестен (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичтен (Польша), Степан Брхельден (Чехия), Рохелио Кастродан (Мексика), Андре Бертельсмайерден (Германия) басым түсіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына тұрақтады. 

Сондай-ақ, аталған турнирде қазақстандық теннисші Санжар Жұбанов үш рет жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.

Басқа материалдар

Back to top button