Жаңалықтар

Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 2021 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 150, облыс “жасыл” аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 155 560 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 75,3%-ды құрайды, яғни 675 843 адам егілді, бұл жалпы халық санының 47,3%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 70,6% немесе 633 657 адам егілді, бұл жалпы халық санының 44,4%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 252 582 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 53,2%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 2 тамыздағы мәліметтер бойынша 23 398 адам егілді.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әрқайсымыздан санитарлық шараларды қатаң сақтау талап етіледі.
Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және жөтел, мұрынның ағуы және т. б. сияқты респираторлық инфекция белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз.

Қоғамдық жерлерде антисептиктерді қолданыңыз, үйлер мен пәтерлерді жиі желдетіңіз.

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, қызба, жөтел пайда болса, мұрынның ағуы дер кезінде медициналық көмекке жүгініңіз, өзіңізді емдемеңіз!

Есіңізде болсын, жұқпалы аурулардың алдын-алудың жалғыз әдісі – вакцинация!

Басқа материалдар

Back to top button