«Үркер» Ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді
2018 жылғы 28 маусымда Астана қаласында баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» Ұлттық сыйлығын (бұдан әрі – Сыйлық) марапаттау рәсімі өтеді.
Сыйлықтың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету және олардың шығармашылығына қоғам назарын аудару.
Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі және журналистиканы дамытуға, имиджін көтеруге, оның кәсіби стандарттары мен критерийлерін бекітуге, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, аймақтық БАҚ дамуына ықпалын тигізеді. 12 номинацияның ішінен аймақтық БАҚ үшін екі арнайы номинация («Үздік аймақтық радиостанция» және «Үздік аймақтық баспасөз басылымы») бекітілген.
Бүгінгі таңда Сыйлыққа қатысу үшін www.El.kz сайтында өтініштер қабылдануда және қабылдау мерзімі 10 маусымға дейін жалғасады. Әр номинация бойынша лауреатқа 1 миллион теңге мен дәстүрлі естелік мүсінше беріледі. 2017 жыл ішінде жарияланған немесе эфирге шыққан материалдары бар журналистер мен баспасөз басылымдарының редакциялары, интернет-БАҚ пен радиостанциялар қатыса алады.
Сыйлық парақшасының сілтемесі бар баннерді ведомствоның ресми сайтында орналастыруға ықпал етуіңізді сұраймыз.
Барлық қажетті материалдарды алу үшін https://cloud.mail.ru/public/McRb/6nXLL42vn сілтемесі арқылы алуға болады.
Қосымша ақпаратты 8(7172) 79-82-15 телефоны арқылы алуға болады және Сыйлық туралы толық ақпараты www.El.kz. ресми сайтында жарияланған.