Бас тақырып

4 күн демалыста 1 647 адам жарақат алып, 10 адам қайтыс болды

6-9 шілде күндері 1 647 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 127-сі орташа және ауыр деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Жапа шеккендердің 554-і 17 жасқа дейінгі балалар. Түрлі жарақат салдарынан қайтыс болғандар да бар.

Х.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың ахуалдық орталығының жетекшісі Ерік Шонбаевтың айтуынша, төрт күн демалыста жарақат салдарынан 10 адам қайтыс болған. Оның екеуі – бала. Алтауы ауруханаға жетпей, оқиға орнында көз жұмған.

Дәрігердің айтуынша, кейінгі кезде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер де көп. Басты себеп – жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тақпауы. Одан бөлек, самокаттан, мотоцикл және мопедтен құлап, жарақат алғандар да жоқ емес.

Салтанат ІЛИЯШ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button