Имамдар талқылауында — жаңа құжат

Имамдардың ІІІ облыстық форумы облыс орталығында өтті. Аталмыш шара екі жылда бір рет өткізіледі. Форумға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов, облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, сонымен қатар, облыстың барлық өңірлерінен келген имамдар, ақсақалдар мен жастар қатысты.

  • Мен бүгінгі форум өте маңызды деп есептеймін. Жаңа технологиялар дамыған заманда, интернет арқылы көптеген жағымсыз ақпарат жылдам тарайтынын ескерсек, имамдардың рөлі зор екенін атап өткім келеді. Олар ел арасында орасан зор жұмыс атқаруда. Бірақ, өңірлерде көптеген проблемалар мен міндеттер әлі бар. Осы форумда қабылданған талқылаулар, пікірлер, идеялар мен шешімдер сол мәселелердің шешімін іздеуде қызығушылық тудырады деп сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов форумның ашылуында.

Қатысушылар 23 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды талқылады. Аталмыш құжаттарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дайындаған болатын.

  • Республикалық форумнан кейін еліміздің өңірлерінде облыстық форумдар өткізіледі. Мақсат – имамдарға қабылданған құжаттар туралы түсіндіру. Келешекте имамдар жергілікті халықпен әңгіме жүргізулері тиіс. Егер біз, әсіресе, жастар өзіміздің негізгі рухани тіректерімізді білсек, еліміздің болашағы жарқын болары хақ, – дейді ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Өтпенов.

Мұндай құжаттар елімізде алғаш рет қабылдануда. Бұл діни түсініктерді, рәсімдер мен міндеттерді бірыңғай түсіну мен түсіндіру қажеттілігінен туындайды.

«Жеті рухани тірек» мұсылмандардың рухани платформасында Қазақстандағы ислам дамуының өзіндік жолын айқындайтын негізгі рухани құндылықтар мен бағдарлар бекітіледі: адамгершілік, патриотизм, білім, бірлік, еңбекқорлық, мәдениет және әділдік. Құжат арқылы осы негізгі ұғымдардың мағынасы егжейтегжейлі түсіндіріледі.

«Діни қызметшілер орындайтын діни жоралар тізілімі» азаматтарға діни қызметшілердің діни жораларды қалай орындауы керектігі туралы толық түсінік береді. Бұл ретте әрбір рухани қызметші өзінің лауазымдық мәртебесіне байланысты белгілі бір діни рәсімдер мен салттарды орындай алады.

Мұндай реттеу діни рәсімдерді дұрыс орындауға қатысты халық арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді шешуге көмектеседі. Бұл құжатта 45 діни әдетғұрып толық түсіндірілді.

Тізілімде әрбір мұсылманның туған сәтінен бастап, қайтыс болғанға дейін барлық негізгі құдайға құлшылық ету талаптары қамтылған. Атап айтқанда, намаз, бата беру, азан, Жұма намаздары, Рамазан, зекет, қажылық, Құрбан айт, неке қию, жаназа және тағы басқа діни ісшаралары.

«Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері» және «Діни лауазымдар тізілімі» құжаттарында діни қызметке жауапты аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі имамдардан бастап институт, медресе және медресе-колледж директорларына дейінгі діни қызметкерлерге арналған лауазымдық міндеттер мен біліктілік талаптары айқын көрсетілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.