Жаңалықтар

Көпбалалы отбасылар баспана үшін жеке кезекке тұрады

Сенат депутаттары көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасын мақұлдады.

 Заң жобасындағы  маңызды өзгерістерінің бірі – көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығының берілуі.

Парламент депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша,  “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен немесе “Батыр ана”, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар үшін жеке тұрғын үй кезегін енгізу көзделуде.  

Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қолжеткізген көпбалалы отбасылардың балалары кәмелет жасына толған соң да, аталмыш пәтерде тұру құқығын иеленеді. Оларды ешкім қуып шықпайды. 

Басқа материалдар

Back to top button