Спорт

«САРЫАРҚАДА» – жаңа бапкер

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Руслан СҮЛЕЙМЕНОВПЕН келісім-шарт бұзылып, орнына бас бапкердің міндетін атқарушы болып Евгений КОРОЛЕВ тағайындалды.

Евгений Королев – Мәскеудің «ЦСКА» хоккей мектебін бітірген. 2002-2003 жылғы маусымда Ресей чемпионы және құрлық кубогының финалисі, 2006 жылы еуропалық чемпиондар кубогының иегері болды.

1996 жылдан 2002 жылға дейін Канада мен АҚШ, «Нью-Йорк Айлендерс» құрамаларында ойнаған. Ұлттық хоккей лигасында 43 матч өткізіп, бір шайба соғып, төрт нәтижелі пас берген. 2002 жылы Ресейге оралып, әр жылдары «Локомотив», «Торпедо», «Динамо» және «Нефтехимик» құрамаларында өнер көрсеткен.

2016 жылы Қазақстанға келіп, елордалық «Барыс» командасын жаттықтырды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Теміртау» командасына жетекшілік жасаған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button