Облыс әкіміРесми

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздердің қызметтеріңіз әрқашанда қауіп-қатерге толы. Әсіресе, қазіргі уақытта сіздер дәрігерлер мен санитарлық дәрігерлердің жанында жүріп, пандемиямен күресте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жатырсыздар.

Біз сіздерге ел алдындағы міндеттеріңізді адал орындап, халықтың игілігіне еңбек етіп жатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Қазіргі уақытта Қазақстан полициясының қызметінде оң өзгерістер орын алып жатыр. Біздің міндетіміз сіздерді қолдап, қызметтеріңізді сапалы атқару үшін тиісті барлық жағдайды жасау болып табылады.

Біз сіздердің ел азаматтарының сенімін ақтап және мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттерді тиімді шешу үшін барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдіміз.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен бақ-береке және де қиын да, жауапты қызметтеріңізге табыс тілейміз.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button