Жаңалықтар

Берекелі бағдарлама: жұмыспен қамтудың жаңа бағдары

Ангелина БАЙБУЛОВА – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қатысушысы. Бүгінде Саран техникалық колледжінде дәнекерлеу ісіне оқып жүр. Олардың тобында – 25 оқушы. Оның ішінде, бір бойжеткен және екі баланың анасы Ангелина бар.

Негізінен, халық арасында «дәнекерлеуші – тек, ер адамның кәсібі» деген ұғым қалыптасқан. Алайда, сарандық Ангелина Байбулова өзінің күшжігерімен бұл түсінікті бұзып, ойланбастан дәнекерлеуші оқуына барды. Мемлекеттің тегін оқытып, шәкіртақы төлеуі – Ангелинаны айрықша қанаттандырып, ол бірден білім беру мекемесіне өтініш берді. Нәзікжанды Ангелина өз ісін жетік меңгерген мамандық иесі болмақ.

 – Маман ретінде мен ерлерден нашар болмаймын деген сенімдемін, – дейді Ангелина.

– Жұбайыма жәрдемдесу үшін білім алып жүрмін. Ол көлік шебері және біз отбасылық бизнесті бірге жүргіземіз. Біздің елімізде өз мүмкіндіктеріңді іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Мен қазір мемлекеттік өзге де бағдарламалар туралы біліп жатырмын. Оларға да белсене қатысамын деген сенімдемін, – деді Ангелина.

Сонымен бірге, облыста жастар жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатыр. Мысалға, Шет ауданында еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 94 адам және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен қысқа мерзімде меңгерілетін дағдыларға қысқамерзімдік кәсіптік оқытуға 65 адам бағытталған. Саранда 153 адам, оның ішінде, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 25 адам және қысқамерзімдік кәсіптік оқытуға 128 адам бағытталған.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қатысушыларының саны жыл өткен сайын артып келе жатыр.

Саранда жыл сайын техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау жүзеге асырылып жатыр. Оның табысты және үлгілі мысалы – Саран техникалық колледжі болып табылады. Колледж директоры Меруерт Мамырова атап өткендей, бағдарлама ұтымды болып табылады және маңызды мәселелердің шешімі.

 – Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде негізгі міндеттер шешімін табады, – дейді Меруерт Магруповна, – бұл оқыту төлемі бойынша мемлекеттік қолдау, шәкіртақы мен жолақыға, тұрғылықты ақыға материалдық көмекпен қамтамасыз етілетін еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша кадрларды қысқамерзімдік кәсіптік оқыту мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

 23 жастағы Арайлым Шойманова темір жол колледжінде бір жылдан бері білім алып жүр. Енді, тағы бір жыл білім алады.

 – Бағдарлама туралы мен бұқаралық ақпарат құралдарынан білдім, – дейді Арайлым, – теледидардан сюжетті көріп, кейін анам газеттен оқып, біз ойланбастан Жұмыспен қамту орталығына бардық. Маған құжаттарымды тапсырып, колледжде білім алуға кеңес берді. Мен оқуға түстім. Қазір 16700 теңге шәкіртақы аламын. Бұл – мемлекет тарапынан қомақты қолдау. Мен құрбыларымның барлығына бағдарлама туралы айтып бердім. Көптеген балалар оқуға түсіп, қазіргі кезде тегін негізде білім алып жатыр. Және де Шет ауданының Жұмыспен қамту орталығында жұмысқа орналасуға одан әрі жәрдем көрсетілгендігі айтылды.

Ең маңыздысы – бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру мекемесіне оқуға түсу өте оңай. Оқуға түсуге ниет білдіргендердің әрқайсысы үшін барлық қажетті ақпаратты Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады. Сондай-ақ, білім беру мекемелері ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы болу талаптарын түсіндіреді. Үміткерлердің дайын тізімдерін Жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

 – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы қазіргі таңда жастар арасында танымал болып келе жатыр. Және де талаптары да жақсы: шәкіртақы, тегін білім алу. Біздің қатысушыларымыз болашақтан қорықпайды. Себебі, жұмысшы кәсіптер әрдайым сұранысқа ие, – дейді Меруерт Мамырова. – Былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 9-сынып бітірушілерден 36 адам 2 жыл 10 айлық оқу мерзімін құрайтын оқуға жіберілді. Тегін оқу мемлекет есебінен. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде дәнекерлеу ісін бағдарламаның 25 қатысушысы меңгерді, және де 11 адам Балқаш колледжінде шаштараз мамандығы бойынша сервистік қызметті оқыды, – дейді Балқаш қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Саданов.

Ағымдағы жылы Балқашта кадрларды даярлауға 9-сыныптың 47 бітірушісі жіберілді. «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша 25 адам біліктілік алып, шаштараз кәсібін 22 адам меңгерді.

Облыстың жұмыспен қамту қызметтерінің өкілдері біздің аймақтың жұмысшы кәсіптегі кадрларды шығаратын шеберханасы болатындығын мақтанышпен атап өтеді.

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында ағымдағы жылдың қаңтарында бірқатар басымдықтарды атап өтті. «Адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін мүмкіндіктерді барынша көбірек ұсыну керек – өз ісіңді ашу керек немесе жаңа кәсіпті игеріп, жұмысқа орналасу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл аударды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button