Жаңалықтар

Заң саласының үздігі

Елбасы ұсынған «100 жаңа есім» жобасының тағы бір үміткері – заң саласында, яғни, заң ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» академиясының бірінші проректоры Гүлнәр РЫСМАҒАМБЕТОВА.

Ол қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату, ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ғалым ретінде ізденістерін ілкімді жалғастырып келеді. Диссертация қорғаған соң, халықаралық және республикалық басылымдарда, ғылыми еңбектер жинағында 40-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланған. Педагогикалық қызметін үздіксіз жүргізіп, студенттерге озық білім беруде. Ұстаздық жолында 22 жыл өтілі бар. Гүлнәр Мұсақызын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі білім беруге қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттаған.

Сондай-ақ, бірнеше рет халықаралық деңгейдегі түрлі мінберлерде, халықаралық форумда сөз сөйлеген және тарих сабақтарын өткізген. Бұл бағыттағы жұмысы үшін РФ «Мемориал» қоғамының және Герман-неміс қоғамының Алғыс хаттарымен марапатталған.

«Болашақ» Академиясының магистрі А.Әупеновамен бірге «Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылған уақыттан бастап бүгінге дейін» еңбегін дайындап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жоба ретінде II орын алған.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық топ мүшесі ретінде аймақтық шараларға белсене қатысады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button